Сот орындаушысы болғысы келетіндер көп

369

Облыстық әділет дапартаментінде бос лауазым орындарына үміткерлерді қабылдау өтті. Жастар сот орындаушы мен жетекші маман, бас маман қызметтеріне құжат тапсырған.

008

Қазіргі таңда аталған департаментте осындай 14 лауазымды орын бос тұр. Ал үміткерлердің басым көпшілігі сот орындаушысы болғысы келеді екен. Себебі биылдан бастап мұндай лауазымға тұру үшін бірқатар жеңілдіктер жасалған.

Комиссия мүшелері алдымен үміткерлермен әңгімелесу жүргізіп, бірқатар сұрақтарға жауап алды. Соның нәтижесінде сыннан сүрінбей өткендер жұмысқа қабылданады. Айта өтейік, құжат тапсырған үміткерлердің барлығы мемлекеттік тестілеуден өтіп, сертификат алғандар.