Тұрғындар «Су арнасының» жұмысымен танысты

226

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары көше төрағалары мен үй төрайымдарын жинап, мекеменің соңғы жетістіктерімен таныстырды.

vlcsnap-2015-06-04-18h00m17s223

Қалқабаев Серік, Қазғұрт шағынауданының ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары: «Сусыз өмір жоқ. Су бар жерде тіршілік бар демекші, бүгін су арнасын басқарып отырған Анарбек Орманның жұмыстарын көрдік. Мына үйімізде краннан ағып отырған судың қалай келіп жатқанын көрген адам өзі бәрін түсінеді. Бұның бастауы сонау Ақ су екен. 42 ұңғымаға жиналған су насоспен айдалып, арнайы залалсыздандырудан өтеді екен. Бұлардың жасап отырған шаруалары өте ұнайды. Құрал жабдықтар мен насостар шетелден алдырылған. Өте тамаша. Аппарат және приборлар жақсы орнатылған. Осындағы жүйемен толық таныстық. Шайынды суларды да тазартудағы жұмыстарды көрдік. Атқарылып жатқан шаруа халық игілігі үшін. Су арнасын басқарып отырған басшыларға рахмет! Мұндағы үй төрағалары мен төрайымдар мекеменің тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етудегі жұмысына жақсы деген баға беріп отыр.»

Қаланы ауыз сумен қамты атоматты бақылауда
Қаланы ауызсумен қамту жұмысы автоматты бақылауда

Аман Өмірзақов, көше төрағасы: «Мен бүгін «Су ресурстары-Маркетингінің» қызметі қандай ауыр және қажет екеніне көз жеткіздім. Осы уақытқа дейін мен бұл шаруашылықтың қалай атқарылатынын толық білмедім. Бүгін ішіп отырған ауызсудың бізге қалай жететінін толық көрдім. Жаңа технология, жұмыс процесі, суды тазарту, автоматтандыру жұмыстарын көріп, тәнті болдым. Су шаруашылығында жұмыс жасап жатқан жігіттерге рахмет! Жұмыс өте күрделі. Әсіресе, оны тазарту».

vlcsnap-2015-06-04-19h06m28s237
Мұхтар Сызықов, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС аппарат басшысы: «Біздің мекеме тоқсан сайын қаладағы көше төрағалары мен төрайымдарын шаруашылықпен таныстырады. Көпқабатты үйлер мен жеке сектордағы үйлерде жасалып жатқан жаңашылдықты таныстырып отырмыз. Қазір көпқабатты үйлердің пәтеріндегі су өлшегіш құралдарын жертөлеге бір жәшікке шығарып жатырмыз. Бұл, біріншіден, үй төрайымдары мен біздің де мамандарға тиімді. Өткені ай сайын есептеуіш құралдан алынатын көрсеткішті пәтер есігін қақпастан алады. Мазаламаймыз. Тек төлемақыға түбіртек әкеледі. Мұндай жүйе жеке секторларда да жүргізілуде. Бұл қызмет тұтынушы мен бізге де қолайлы.»

vlcsnap-2015-06-04-17h52m54s124