Құтқарушылар рейдке шықты

337

Жыл басынан бері облыста 34 адам суға кеткен болса, оның 18-і – кәмелет жасына толмаған балалар. Осындай бақытсыз жағдайлардың алдын алу үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері полицейлермен бірлесіп арнайы рейдке шықты.

003

Бірлескен топ тыйым салынған жерлерде шомылушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда құтқарушылар облыстағы ірі су қоймалары мен каналдарды, өзен-көлдерді бақылауға алған.

Кезекті рейдтік шара Бадам өзенінде ұйымдастырылды. Төтеншеліктер мен тәртіп сақшылары келген бойда тап шлюздің жанында шомылып жатқан балаларды нысанаға алды. Тексерушілерді көрген шомылушылар іле-шала қаша жөнелді. Ал қашып үлгере алмаған жеткішектерге мамандар шомылу талаптарын түсіндіріп, арнайы кітапшалар ұсынды.