Úı Oqys oqıǵa Қызылқұм каналына жас жігіт ағып кетті

Қызылқұм каналына жас жігіт ағып кетті

28 шілде күні кешкісін кезекшілерге суға батқан адам жайлы суыт хабар түседі. Қоңырау шалғандардың мәліметінше, Қызылқұм каналына жас жігіт батып кеткен. Сағат 19:05-те Шардара станциясынан ОҚО ТЖД құтқару жасағының бес маманы аттанады. Олар қайғылы оқиға болған жер — Алатау батыр ауылдық округіне бір сағат уақыт шамасында жеткен.

012

Құтқарушылар суға сүңги сала 15 минуттан кейін судың түбінен жас жігіттің денесін алып шықты. Марқұмның жасы 24-ке енді толған екен. Алматыда тқрады, Шардара ауданына қыдырып келген.

Бұл — жыл басынан бері Оңтүстікте суға қатысты болған 39-қайғылы жағдай. Көбінесе адамдар шомылуға тыйым салынған жерде және жүзе білмегендіктен мерт болуда дейді төтенше жағдай қызметкерлері.