Бизнес ортада қор нарығына өз акциясын орналастырудың қаншалықты нәтижелі екенін әлемдік тәжірибе көрсетті. Сала мамандары жергілікті кәсіпкерлерге осынау нарықтың қыр-сырын үйретті.
Бүгінде Қазақстанның қор биржасы — еліміздегі қор нарығындағы жалғыз биржа. Бұл — мемлекеттік және мемлекеттік емес құнды қағаздар саудаланатын алаң. Әрине, қор биржасына өз акцияларын орналастыруға кез келген компанияның тәуекелге бара бермейтіні белгілі.
Облыстың құрылыс саласында өз өзін дәлелдеген»Артқұрылыс» ЖШС енді шетелдік нарықта бағын сынап көрмек. Қос тарап та әріптестік байланысқа мүдделі. Демек, Отандық қор биржасының дамуына биржа басшылығы мен қоса кәсіпкерлер ынталы болуы қажет. Сондықтан Қазақстан қор биржасының тізімінде жергілікті бизнес өкілдерінің басым болуы маңызды.