Оңтүстікте ескек есу және көркем гимнастика кешендері ашылады

443

Биыл Оңтүстік Қазақстанда ескек есу спортының оқу-жаттығу базасы мен көркем гимнастика спорт кешені салынуда. Бұл жөнінде «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаев мәлімдеді.

013

Облыс бюджет есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан екі спорт нысаны биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Басқарма басшысының хабарлауынша, 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 5042 спорт нысаны тіркелген. Олар – 22 стадион, 1 спорт сарайы, 13 спорттық құрылғылар кешені мен 24 спорт кешені, 12 спорт манежі, 1 шаңғы базасы, 204 атқыштар тирі. Бұған қоса 3 ипподром, 28 жүзу бассейні, 879 спорт залы, 2627 спорт алаңы сынды спорт нысандары халыққа қызмет көрсетуде.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Zb45bpDkTeQ[/youtube]

‒ Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында 2234 спорттық шара өтті. Ал спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 600 мыңға жуық адамды құрайды, ‒ деді басқарма басшысы.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі