Ресейлік азамат Шымкентте көлігін «жармақ» болды

233
бомба жайында жалғапн ақпар берген Түркістанның 11- сынып оқушысы

Зайыбымен ренжісіп қалған шымкенттік тұрғын автокөлігін жарып жібермек болды. Ол азамат Еңбекші полиция бөлімінің кезекшісіне хабарласып, көлігіне жарылғыш бомба қойылғанын айтқан. Оқиға орнына облыстық ішкі істер басқармасының шұғыл тобы мен арнайы жасақ жұмылдырылған.

Тәртіп сақшылары тез арада тиісті аумақты қоршауға алып, жақын маңдағы тұрғындарды оқшаулады. Бірақ 1,5 сағаттық тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Қоңырау жалған болып шықты. Сол арада шұғыл тергеу-іздестіру шаралары жүргізіліп, мамандар күдіктіні қолға түстірді.

Ол 49 жастағы Шымкенттің тұрғыны, көршілес Ресей Федарациясының азаматы болып шықты. Күдіктінің айтуынша, әйелімен ренжісіп қалып, қызуқандылықпен өз көлігін «жарылады» деп 102 нөміріне қоңырау шалған. Осылайша зайыбынан ақысын алмақ болыпты.

Салтанат Қаракөзова,  облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы: «Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 273-бабы (лаңкестік актісі туралы жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша күдікті 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін және келтірілген материалдық шығынды өтеуі тиіс.»