Шымкенттіктер айттап жүр

723

Ораза айты басталды. Қай үйге кiрсеңiз де төрден есiкке дейiн созылған көлдей-көлдей ақ дастарханды көресiз. Ал олардың үстiнде күн сайын көзге түсе бермейтiн, көзге түсе қалса да қолымыз жете қоймайтын неше түрлi тәттi-дәмдi бауырсақ, балқаймақ, кәмпит, күлше сықасып, иiн тiресе қалады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=JJnIaeptDw8[/youtube]

Қалқабаевтар отбасында сәні мен салтанаты үйлескен мерекелік дастархан жайылған. Қонақжай шаңыраққа таңертеңнен бері туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң түгел келіп жатыр. Айттың дастарханынан дәм-тұз татып, мәре-сәре.

Бүгін біздің ұжым да ұлық мерекеге арналып дастархан жайылды. Ынтымағы-нық, бірлігі берік тілшілер Ораза айты мейрамын осылайша атап өтті. 3 күнге жалғасатын мұсылман мерекесі турасында әңгіме-дүкен құрды.

Ренжісіп қалған кісілермен татуласу, қандай да бір келіспеушіліктің салдарынан қатынас үзілген туыстардың үйлерін арнайы аралау да ерекше маңызды. Өйткені Алла Тағала: «Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр» деп, мұсылмандарды барынша кешірімді болуға шақырған.