Велошабандоздар 2 тәулікте 550 шақырымды бағындырды

494
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 550 шақырым жол

Шымкенттік велошабандоздар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай марафон ұйымдастырды. 20 жуық әуесқой спортшылар Шымкенттен бастап Арыстанбаб, Түркістан, Кентау жерлерін, яғни 550 шақырымды 2 тәулікте жүріп өтті.

веломарафонға 20 спортшы қатысты
Веломарафонға 20 спортшы қатысты

Ұзақ жолдың алдында Даурия Молдабекова өз темір тұлпарының техникалық жағдайын тексеруде. Спортшы бойжеткен Оңтүстік өлкесімен 550 шақырымдық жолға дайындалуда. Мұндай шара елімізде бұрын-соңды өтпеген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=srfd1HE39NU[/youtube]

Даурия Молдабекова: «Мен үшін мұндай қашықтықты жүріп өту өте маңызды. Біз бұл шараға көп дайындалдық. Ешқандай қиындықсыз жүріп өтеміз деп ойлаймын. Өйткені достарымыз автокөлікпен жолсерік болады.»

 

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 550 шақырым жол
Жастар күндіз-түні жүріп отырды

Велосипедшілерге дәрігер, жол-патрульдік полициясының қызметкерлері және қолдаушылар еріп жүрді. Жол қашықтығы аз емес, сондықтан кез келген жағдайға дайын болу керек дейді қатысушылар. 20 әуесқой спортшының қатысуымен өтетін шараға әр түрлі саланың жастары бас қосты.

vlcsnap-2015-07-27-17h43m38s0

Рауан Керімбердиев, ұйымдастырушы: «Біз бұрыннан осы бағытта жұмыс жасаймыз. Бұған естіп, келіп қатысып отырғандар да бар. Мен барлығы ойдағыдай болды деп ойлаймын.»

vlcsnap-2015-07-27-17h43m11s207