Қанат Әуесбай: «Мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желінің тиімділігін пайдалана білуі тиіс»

Мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желілердің мүкіндігін толықтай тиімді пайдалана алмай отыр. Соның салдарынан ел басқарушының атқарған жұмысы белгілі бір дәрежеде көрінбейді. Осылай деп әлеуметтік желінің халықпен жұмыс істеудегі рөлін түсіндіруге тырысқан «Қазақстан – 2050» ұлттық қозғалысының медиадиректоры, тележурналист Қанат Әуесбай тренинг өткізді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Rrp7PcXcbCU[/youtube]

 

«Бәйшешек» сауықтыру кешенінде, ашық аспан астында облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинарға облыс, қала, аудан әкімідернің баспасөз хатшылары мен БАҚ өкілдері, блогерлер қатысты. PR маманы Қанат Әуесбай желілерде постты қай уақытта жариялау керек, пайдаланушыларды тартуға, репост жариялауға ынталандыру, көп лайк жинау мен пікір жазуға қызықтыру сынды тиімді тұстарды атап өтті.

Қанат Әуесбай, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының медиадиректоры: «Әлеуметтік желіні тиімді қолдансаң – қазына, тиімсіз қолдансаң – қоғамның дертті тұсын осып жіберетін дүлей қүрал. Біз өзімізге оның тек пайдалы тұсын қолдануымыз керек. Ал мемлекеттік қызметкерлерге алдымен өз жұмысын жарнамалап, насиахттау үшін өте қажет құрал. Бір қарағанда бырлығымыз оны білуіміз мүмкін, бірақ, біз біле бермейтін, байқай бермейтін тұстары көп. Соның сырларын ашып, мемлекеттік қызметкерлерге үйрету – менің міндетім.»

Кез келген адам әлеуметтік желіге тек ғана тіркеліп немесе пост жариялап ғана қоймай, оны өз пайдасына асыра білуі тиіс. Ал шара соңында терининге қатысқан 50-ге ге жуық қатысушы арнайы сертификатқа ие болды.