9 тамыз – құрылысшылар күні

1492

Оңтүстікте нысандардың құрылысы қызу қарқын алған. Өңіріміздің мамандары республикалық индикаторды 108 пайызєа орындап отыр. Кестеден кешікпей, тірлікті тиянақты атқаруға тырысып жатыр. Құрылысшылар күні қарсаңында басқарма басшысының жеткен жетістігі мен саладағы сан түрлі қырларын тыңдап қайттық.

009

Күмісбек Орашев облыстағы құрылыс басқармасын 1 жыл көлемінде басқарып келеді. Бүгін қол астындағы қызметкерлердің төл мерекесімен құттықтауға арнайы дайындықты бастап кеткен. Жас кезінен құрылысшы болуды армандаған шенеунік өзіне жақын жастарды қазір осы мамандықты меңгертуге шақырып жүрмін дейді.

Басшының ауыз толтырып айтатын жобаларының бірі – «Нұрсәт» шағынауданындағы әкімшілік-іскерлік орталық. Сондай-ақ Әлия Юсупова атындағы гимнастика мектебі. Халықарлық үлгідегі нысандарды толықтай тәмамдау құрлысшылардың үлкен жетістігі дейді маман. Бірақ осындай жауапты жұмысқа жастардың қызығушылығы аз. Оған себеп, күннің ыстығы мен ызғарлы суығында тер төгуден қашып, тек былғары орындықтан табылғысы келеді деп ашына айтты басқарма басшысы.

Құрылысшылардың төл мерекесі қарсаңында бірнеше нысан пайдалануға берілмек. Сол үшін де тер төккен жұмысшылар мейрамда да дамыл таппайды. Себебі, құрылыс еш уақытта кестеден кешікпеуі тиіс.

Ғалымжан Кенжебек