«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

1034

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын мектепке әзірлеу шарасы №12 мектепте өтті. Мұндағы 200-ге жуық оқушыға халық қалаулылары қол ұшын созып, қаржылай көмек көрсетті.

003

 

Акция ұйымдастырушылары бүгінге дейін 9 мектептің шәкірттерін жаңа оқу жылына дайындап үлгерген. Бұл игі істерін тағы да 26 білім ордасында жалғастыруға ниетті.

013

Ал осы кезде мектеп оқулықтары 100 теңгеден саудалануда. Мұндай жеңілдетілген жәрмеңке орталық мешітте өтті. Шара әлеуметтік жағдайы төмен отбасы бүлдіршіндеріне арналған.

Алғаш ұйымдастырылған жәрмеңкеден Сіз де күнделікті тұрмыстық тұтыну заттарынан бастап мектеп-кеңсе құрал-саймандарын ала аласыз. Сондай-ақ, киім-кешек, аяқ-киімдер, түрлі балалар ойыншықтары да арзан бағамен саудалануда. Бастама облыстық мешіт және «Зекет» қорының ұйтқы болуымен жүзеге асуда.