Шымкентте қауыннан шыбын-шіркей табылды

1078

Шымкентте сатылып жатқан қауыннан шіркей табылды. Жаз маусымында құрамында зиянкес жәндіктер бар бақша өнімдерін тұтынған тұрғындар қазір осылай дабыл қағып отыр. Ең қорқыныштысы, мамандар ішіне көк шыбын енген қауын мен қарбыз Оңтүстіктің 8 бірдей, бау-бақша жемісін өсіретін барлық аудандардан тасымалданып жатқанын жасырмайды.


Сәбит Бекбосынов, ҚР АШМ агроөндірістік кешені мемлекеттік инспекциясы ОҚО аумақтық бөлімінің басшысы: «Біз облыс бойынша химиялық тексеруді әзірге 8 ауданда ғана жүргіздік. 6026 гектар аумақты залалсыздандыру үшін республикалық бюджеттен қаржы қаралып, оған «Кардинал» дәрісі сатып алынды. Қазір жұмыстың алғашқы кезеңі аяқталды, енді химиялық тазартуды 2 есе күшейтудің қажеттілігі туындап отыр».

8411

Еске салайық, осыдан 5 жыл бұрын облыстың ауыл шаруашылығы саласының мамандары мұндай зиянкес жәндіктермен күреспек түгілі оның түр-тұлғасын да білмейтін. Қауынның құрамына «құмартқан» шыбын-шіркейлер бізге Қарақалпақстаннан тасымалданатын бақша өнімдерімен бірге жетіпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=WnjeqUXxOP0[/youtube]

Мамандардың мәліметінше, бір ғана жәндік маусым ішінде 120 жұмыртқа тастайды. Пайда болған шыбындар өнімнің ішінде өсіп-жетіледі екен. Ал мұндай қауын-қарбыз адамға ғана емес, тіпті малға да үлкен қауіп тудырады. Улануға дейін әкеп соғуы мүмкін деп дабыл қағады сала өкілдері.