Жас мамандар ант берді

943

Шымкентте Конституцияныѕ 20 жылдық мерекесін түрлі ұжымдар атап өтті. Елдің өткені мен болашағын бағдарлайтын Ата заңға құрмет көрсету – баршаның міндеті. «Отан алдында қызмет ету – парыз» тақырыбында өткен конференцияда мемлекеттік қызметкерлер бас қосып, байыпты мәселе қозғады.

018

Кез келген мемлекеттің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда барлық құрылымдардың, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері мен құқықтары көрсетіледі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі.

Дәл осы мерекені мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері конференция барысында талқыға салды. Жиынға еңбек өтілі 10 жылдан асқан азаматтар қатысты. Жас қызметкерлер де осы ортадан табылды. Олар мереке қарсаңында ант қабылдады. Солардың қатарында Жүндібаев Ғабит та бар. Жас кезінен мемлекеттік қызметке келуді армандаған маман бар қадамын ата заңмен байланыстырады.

Ғабит Жүндібаев, жас маман: «Кішкене толқыдым. Мемлекеттік қызметкер болғанымды сезініп, еліміздің азаматы ретінде осы қызметте еліме адал еңбек етуді сезіндім.»

Конференция барысында Қазақстан халқы ассамблеясының мерейтойы да тақырыпқа арқау болды. Шешен-ингуш этно-мәдени орталығынан арнайы қонақтар шақырылып, халық үшін құнды құжаттың маңызы түсіндірілді.

Басқосуда шешімін таппай жүрген мәселелер де тілге тиек етілді. Солардың бірі – мемлекеттік қызметке жастардың қызғушылығын ояту мәселесі өзекті екені айтылды. Оған қоса таныс-тамырдың көмегімен атқарушы органның орынтағына жайғасқан жәйттер де қаралды.

Гүлжан Мұсабекова, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бөлім басшысы: «Бұл, негізінен, басшыларға байланысты. Олар жұмысты жақсы ұйымдастыратын болса, бармақ басты, көз қыстыға мүмкіндік берілмейді. Мүмкіндік бермеудің тағы бір жолы – рейтингтік жүйе.»

Осылайша күн тәрбіндегі мәселе мереке күнінің аясында шешім тапты. Мемлекеттік қызметкер ел алдында ерінбей еңбек етсе, Ата заңға деген адалдығы байқалады деп тарқасты жұрт.

 

Ғалым Кенжебек