Құтырудың емі жоқ, тек алдын алуға болады

Емі жоқ, бірақ алдын алуға болады. 28 қыркүйек – құтыру ауруына қарсы күрестің халықаралық күні. Осыған орай салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында дөңгелек үстел өтті. Құтыру адамды бірден өлімге алып келеді, сондықтан барлық жануарларға міндетті түрде екпе салдыру керек дейді ветеринария мамандар.

Мәселен 2015 жылдың 8 айында облысымызда жазатайым жағдайға тап болған 11579 адам тіркелсе, оның 2-еуі көз жұмған. Белгілі болғандай, қайтыс болғандар дәрігердің көмегіне жүгінбеген. Ал өткен жылы бұл сандар 12 233-ке тең болған. Бұл көбіне ит ұстау ережелерін сақтамаудың салдарынан туындайды екен. Демек, қолда жануар ұстайтын тұрғындар оған куәлік алу былай тұрсын, егу жұмыстарын жүргізбейді. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін биыл 214 мың ит пен 59 мың мысыққа вакцина егу жоспарланып, қазынадан 86 млн теңге бөлінген.

Сонымен қатар, күн сайын жабайы иттерді аулау жүмыстарымен қаламызды  6 бригада жұмыс жасайды. Бүгінгі күнге дейін 64 мың ит-мысық аулап, жойылған.