Достықтың оқушылары директордың кабинетінде оқуда

435
Мектеп. Оқушылар.

Шымкенттегі Достық шағынауданында орналасқан №69 жалпы орта мектебінде сабақ кестеге сәйкес өтіп жатыр. 400 балаға шақталған  білім ордасында бүгінде 1400-ден астам оқушы дәріс алып жатыр. Биылғы оқу жылында ашылған 10-ға жуық 1-сыныпта жалпы саны 207 бала оқып жатыр.

004Мектеп басшылығы қолынан келген амалды жасап, оқушыларға бір қабатты ғимараттағы барлық бөлмелерді босатып берген. Білім ошағы директорының қабылдау бөлмесінде информатика бөлмесі орналасса, басшының бөлмесінде 11-сыныптың оқушылары сабақ өтетін болған.