Жыл соңына дейін 6 балабақша ашылады

521
Шымкент. Балабақша
Шымкент. Балабақша

Шымкентте жыл соңына дейін алты балабақша ашылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Миллионға жуық тұрғыны бар Шымкентте 1 қыркүйек қарсаңында 7 білім беру нысанының құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Бүгінде шаһардағы 126 мектепте 148 мыңға жуық оқушы оқиды.

Шымкент. Бірінші сынып
Шымкент. Бірінші сынып

Бұл облыстағы мектептерде білім алатын 602 мың оқушының 25 пайызына жуығы Шымкент қаласындағы мектептерде білім алады дегенді білдіреді.

Биыл Оңтүстік Қазақстанда мектеп табалдырығын алғаш аттаған 70448 оқушының 21 мыңнан астамы Шымкенттегі мектептерге қабылданды. 2015-2016 оқу жылында 1-сынып оқушыларының 30 пайызы облыс орталығындағы білім ошақтарында дәріс алмақ.

Шымкент. Балабақша

Қазіргі таңда Шымкентте 296 мектепке дейінгі ұйым белсенді жұмыс жасауда. Осы орайда бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 77 пайызға жетті. Алла бұйырса, алдағы уақытта Шымкентте жыл соңына дейін жаңа 6 балабақшаның құрылысы аяқталмақ.