13 қазан күні Шымкент аруы анықталады

510
Шымкент аруы

«Шымкент аруы» тәжі кімге бұйырады?! Шаһарымызда 13 қазан өтетін байқауға бүгін екінші рет іріктеу ұйымдастырылды. Таңдауға қаламыздағы жоғары және орта оқу орындарының 17 мен 22 жас аралығындағы 50-ге тарта бойжеткен өз бақтарын сынауға келді.

Шымкент аруы

Көркем келбет көңілге көрік бермейді. Бұл жолғы іріктеуде ұйымдастырушылардың қойған талабы жоғары. Үміткер бойжеткендердің келбеті, бойы, дене пішімінің барлығы әлемдік стандартқа сай болуы тиіс. Ал іріктеуге келген қыздардың барлығы өздерін қала аруы атануға лайықпын деп есептейді.

Ақсұлу Бектемірова

Ақсұлу Бектемірова, ұйымдастырушы: «Басты талап – қазақ тілін жетік меңгерген, халқымыздың салт-дәстүрлері мен мәдениетін игерген болуы шарт. Сондай-ақ, жасы 17 мен 22 аралығында, бойлары 168 см-ден аласа болмауы керек. Бүгін осы шарттар бойынша іріктеу жүргізілуде. Осы іріктеуден озық шыққан  20 ару 13 қазанда өтетін байқауда бақ сынайтын болады.»

Әралуан сынның үдесінен шыққан үздіктерді шешуші байқауда көретін боламыз. Онда ұйымдастырушылар сұлу бойжеткендердің көркін ғана емес, білімі жағын да таразыламақ. Төл тарихымыздан қойылатын сауалдардарға жауап алынып, ұлттық салт-дәстүрді қаншалықты ұлықтай алатынына да үлкен мән беріледі.