«Шымкент аруы» байқауы жеңімпазының ішкі сыры…

372

«Жаңа күн» бағдарламасындағы «Бізде қонақта» айдарының  қонағы — «Шымкент аруы-2017» мәртебесін жеңіп алған жерлесіміз Айғаным Ниязбек.

– Айғаным, студиямызға қош келіпсіз! Жеңісіңізбен құттықтаймыз! Алғашқы сауалды жеңісті әсеріңізден бастасақ, бұл марапат өзіңіз күткен жеңіс па?  Қазір қандай күйдесіз? Қуаныш… әлде қобалжу сезімінде жүрсіз ба?

– Иә, мен бұл жеңісті көптен күттім! Өте қуаныштымын! Бұл сезімді сөздеріммен айтып, жеткізе алмаймын!

– Сіздіңше, Шымкенттің аруы қандай болуы қажет? Бойжеткеннің бойынан қандай асыл қасиеттер табылуы маңызды?

– Тәртіпті және ұқыпты қыз болуы керек. Болды!

– Шымкенттің ең сұлу аруы атанып отырсыз, ал Шымкент – көне шаһар… Тарихына ойысайықшы, қаланың ең алғашқы атауын білесіз бе? Қай жылы құрылды? Тұрғындардың саны қанша?

– Ол жағын білмедім! (күлді)

– Алдағы  жылы «Қазақстан аруы-2018» байқауына Шымкенттің атынан қатысып, намысты қорғау үшін жолдаманы жеңіп алдыңыз. Қазір ауқымды сайысқа дайындықты бастап та кеткен боларсыз?

– Иә, спорт залға барамын! Себебі маған 1 жылға дейін тегін жаттығуға мүмкін беретін сертификатты табыстады. Дайындаламын. Қазақшамды жөндеймін. Және салт-дәстүр бойынша жақсылап оқып, дайындаламын.

Жалғасы арнайы жүктелген бейнеде…

Мөлдір Бекеева