Оңтүстікке халықаралық сарапшы келіп, екпенің маңызын түсіндірді

349
Екпе егу

Қызылшаға қарсы екпені салдырмасыңыз, қатерлі дертке шалдығуыңыз мүмкін. Осылай деп дабыл қаққан балалар қорының халықаралық сарапшысы Андрей Тулисов Оңтүстікке арнайы келіп, вакцинадан бас тартқан ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Екпе егу

Нәтижесінде екпені жасағысы келмеген екі жүзден аса жасөспірім профилактикадан өтіп, егу жұмысы жетпіс пайызға орындалыпты. Сондай-ақ имунизация кезінде бақылау бұрынғыдан екі есеге күшейген. Айта кетейік, өңір бойынша 68 201 жасқа екпе салынуы тиіс болса, олардың бес мыңға жуығы бас тартқан.