Отырарлықтар мал азығын жинап үлгерді

531
Жүгері жинау

Отырар ауданының дихандары биыл еккен дақылдарының басым бөлігін жинап үлгерді. Мал азығын өсірумен айналысатын өлкеде 21 мың гектардың жартысына жүгері, қалғанына жоңышқа себіліпті.

Ақтөбе ауылдық округіндегі «Мақсат» шаруа қожалығы жұмысшыларының жүгері жиын-теріміне жауын шашын айтарлықтай кедергі келтіріпті. Ескірген техника тоқтап, енді алқаптың бір орымы қалған.

Отырарлықтар мал азығын жинап үлгерді

Қазір диқандар жүгеріні құрғатып, «Ордабасы құс» фабрикасына жеткізуге дайын. Соңғы жылдары шаруа қожалықтары өнімдерін өткізуде тауар өндірушілерімен қоян-қолтық қызмет жасауда. Оның үстіне экологиялық таза өнім әрқашанда сұранысқа ие.

Отырарлықтар мал азығын жинап үлгерді

Ал «Босын» өндірістік кооперативі аталмыш дақылды көктемге дейін сақтамақ. Өйткені бүгінде жүгерінің келісі 20-25 теңге аралығында. Ал қысқа таяу дақыл қымбаттай түсуі әбден мүмкін.

Айта кететін жайт, жүгеріні өңдеу зауытын биыл іске қосуға әкімдік әлі де әрекет жасап жатыр.

Шынар Оразова