Биылғы қыста шымкенттіктер тоңбайды. Мұны алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы дәлелдеп отыр.
Қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі басшысының мәлімдеуінше, жүйелер 15 қазанға дейін сақадай сай дайын болуы тиіс. Өйткені, осы мерзімде құбырлар сумен толтырыла бастайды.
Осыған үлгеру үшін мердігерлер екі ауысымда жұмыс істеуге көшкен. Қалаға қарасты оңтүстік жүйелер 95 пайыз дайын екен. «3-Энергорталық» АҚ-на тиесілі жүйелерде де жоспарлы тірлік кестеге сәйкес жүргізілуде.