Шымкентте алғаш рет көлеңкелі театр қойылымы өтеді

1022
Көлеңкелі театр

Шымкентте тұңғыш рет қала тұрғындары мен қонақтары көлеңкелі театр қойылымын тамашалауға мүмкіндік алды.

004 (1)

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында 14 қазан күні Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық-ай» әдеби музыкалық қойылымының премьерасы өтеді. Басталуы – сағат 19:00-де.

Абай

Спектакль 15 қазан күні де өтеді деп күтілуде. Көркемдік жетекшісі – Қуандық Қасымов. Ал көлеңкелі сахнаның режиссері, жас маман Мейрам Хабибуллин. Айта кетейік, «Желсіз түнде жарық-ай» қойылымы Абайдың 170 жылдығына орай көрермен назарына ұсынылып отыр.

rgmedia.kz