Шымкентте MACHTEX 2015 халықаралық көрмесі өтеді

250
MACHTEX 2015

Шымкент қаласында 8-9 қазан күндері «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар» – MACHTEX 2015 қазақстандық бірінші халықаралық көрмесі мен форумы өтеді.

MACHTEX 2015Көрмені Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының, жергілікті құрамды дамыту жөніндегі NADLоС ұлттық агенттігінің және «Қазақстынның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы» қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

Көрменің ашылу салтанаты 8 қазанда сағат 10:00-де Шымкенттегі «Көрме орталығы» кешенінде өтеді. Оған инвестициялар және даму вице-министрі Ошақбаев Рахым Сәкенұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тұяқбаев Сапарбек Құрақбайұлы, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Бектұргенов Қайрат Амангелдіұлы қатысады деп күтілуде.

Аталмыш көрмеде Қазақстанның, Кореяның, Польшаның, Ресейдің, Түркияның және Украинаның кәсіпорындары, отандық және шетелдік өндірушілер отандық жеңіл өнеркәсіпке қажет жабдықтарды, өнімдерді және қызметтерді ұсынады.

Бұған қоса 8 қазанда «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін қалпына келтіру жолдары және өсудің жаңа нүктелері» форумы өтеді. Басқосу алдағы бес жылдықта Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытудың кешендік жоспарының мәселелерін, жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындарына арналған инвестициялық мүмкіндіктерді, шетелдерге дайын өнімді экспорттауды талқылауға мүмкіндік береді.

Оңтүстік Қазақстанда мақта-тоқыма кластерін болашақта дамытудың, ішкі нарықта бірдей экономикалық шарттарды құрудың, саланың технологиялық жаңғыртылуы мүмкіндіктерінің және жаңа өндірістерді ұйымдастырудың мәселелеріне ерекше назар ауларылатын болады. Сонымен қатар тоқыма өнеркәсібінің инвестициялық әлеуетінің мәселелері және шетелдерде мемлекеттік қолдаудың оң тәжірибелері талқыланбақ.

Ал 9 қазанда NADLOc кәсіпкерліктің субъектілері үшін шығынның бөлігінің орнын толтыру бойынша таныстыру семинарын және «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» атты бірыңғай логотиптің таныстыру рәсімін ұйымдастырады. Сонымен қатар бағдарламада қатысушы компаниялардың семинарлары мен таныстыру рәсімдері жоспарланған.

Көрме және форум аясында күтілетін оқиғалардың бірі – қазақстандық дизайнерлер мен балаларға, әйелдерге және ерлерге арналған киімдерді өндірушілердің көрсетілімі болмақ.

Көрменің ресми сайты – www.machtex.kz.