Шымкентте тұрмыстық химия зауыты салынады

406
Малайзия инвесторлары

Оңтүстікте 18-20 қазан күндері аралығында Малайзия және Сингапур елдерінің инвесторлық компанияларының басшылары болды. Сапар барысында қонақтар облыс әкімі Б.Атамқұловпен арнайы кездесіп, өңіріміздің әлеуетті инвестициялық жобаларын талқылады.

Малайзия инвесторлары

Қонақтар күнгейдің индустриалды және арнайы экономикалық аймақтары мен өңіріміздің басқа да дамытуға әлеуетті жерлерін көріп қайтты. Сонымен қатар өңіріміздің туристік жерлері Түркістан және Сарыағаш қалаларын да аралады.

Сапар соңында екі тарап арасында Шымкент қаласында бизнес орталығын және тұрмыстық химия зауытын салу бойынша меморандумға қол қойылды.