Шымкентте жалпы қалалық марафон өтті

429
Марафон

Қала күні қарсаңында Шымкентте жалпы қалалық жүгіру марафоны өтті. Жарыс жолы Қонаев және Рысқұлов даңғылдарының қиылысынан басталып, Бəйдібек би даңғылы бойымен Наурыз алаңына дейін жалғасты.

Марафон

Спорттық шараға 4000-нан аса қала тұрғыны қатысты. Биылғы шараның ерекшелігі сол — жалпы қашықтық 7 шақырымға жетті. Марафонда ең жас қатысушы ретінде 8 жасар Нұрсұлтан Құдайберген тіркелсе, жасы ең үлкен атлет 66 жасар Жиленбаев Мұхамедали болды.

Марафон

Жүгіруде 9 жас ерекшелігіне орай 18 спортшы жеңімпаз атанып, қала əкімінің алғыс хаты мен жүлделі сыйлықтарға ие болды. Одан бөлек тағы 5 марафоншы «Жеңіске ынтасы үшін» номинациясын иеленді.

Марафон

Марафон

Қала әкімі Ғабидолла Əбдірахымов жарысқа қатысқан барша тұрғындарға алғысын білдіріп, келе жатқан қала күні мерекесімен құттықтады. Жастармен естелікке суретке түсіп, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.

Марафон

Марафон

Сонымен қатар ардагерлер арасында шахматтан турнир өткізілді. Ал мемлекеттік қызметкерлер мен қалалық мəслихат депутаттары бильярд жарысына қатысты.