Тараздағы тойға үлес қосқандар марапатталды

565
Марапат

Тараз қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына еліміздің әр өңірі атсалысты. Оның ішінде Оңтүстіктің делегаттары да елеулі үлес қосты. Торқалы тойдың өтуі мен ондағы мерекелік шараларды халыққа қалтқысыз жеткізіп, ақпаратпен қамтыған тілшілер марапатқа ие болды.

Марапат

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов қалам ұстаған қауымға алғыс хат табыс етті. Олардың ішінде «Отырар» медиахолдингінің жаңалықтар бөлімінің шығарушы редакторы және тілшісі Мақсат Жақсыбайұлы да бар. Алғыс хатта Астана және Тараз қалаларында ұйымдастырылған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге және облыстың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтылған. Осындай марапатқа Оңтүстіктің өнері мен тарихи жәдігерлерін паш етіп, алты қанат ақ үй тігуге мұрындық болған аудандық әкімдіктер де кенелді.