Жастар айтысының бас жүлдегері – Дәурен Ақсақалов

408
Дәурен Ақсақалов

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен «Көк тудың желбірегені» атты республикалық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Оңтүстік құрамасы мен Қазақстан құрамасы арасында өткен айтыстың бас жүлдесін жерлесіміз, болашағынан мол үміт күттіретін жас ақын Дәурен Ақсақалов жеңіп алды.

Дәурен Ақсақалов

Бірінші орында Қызылорда облысының ақыны Мұхтар Ниязов, екінші орыннан Оңтүстік Қазақстан облысы намысын қорғаған Қажымұхан Абзалов көрінді.

Айтыс

Ал жүлделі үшінші орын қызылордалық Мөлдір Айтбайға бұйырды. Жеңімпаздарға облыс әкімінің арнайы дипломы мен қаржылай сыйлықтар тапсырылды.