«Қазатомөнеркәсіп» әлеуметтік нысандар табыстады

248
Түлкібас. Балабақша

«Қазатомөнеркәсіп» Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктеріне 14 әлеуметтік нысан табыстады. Жылдың соңына дейін жергілікті атқарушы органдар иелігіне медициналық кешен, кеңсе ғимараттарынан құралған 5 әлеуметтік нысан өткізіледі.

Түлкібас. БалабақшаҚазіргі уақытта Қызылорда облысы әкімдігінің иелігіне 6 әлеуметтік маңызды нысан берілді. Оның ішінде 280 орынды балабақша, мәдениет сарайы, спорттық-сауықтыру кешені және қонақ үй де бар.

2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басшылығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік нысандар құрылысын 800 млн теңгеге қаржыландырды. Ал келер жылы ұлттық атом компаниясы уран өндіруші аймақтарды көркейтуге 1,6 миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр.