Қожайындарын ақша үшін өлтіргендер сотталды

313
Шұғыл түсірілім

Адамға жау алыстан келмейді. Оңтүстікте тағы бір кәсіпкер өз жұмысшыларының қолынан қаза тапты. Бұл жолы шаруа қожалығының еңбеккерлері қожайынын балтамен шауып, мерт қылыпты. Төле би ауданындағы жан түршігерлік оқиғаға қатысты іске сот нүкте қойды.

Шұғыл түсірілім

Айыпталушылардың бірі Тобағабыл Шерниязов қожалықта механизатор қызметінде еңбек еткен. Қылмысынан кейін бір жыл болы іздеуде жүрді. Сөз байласқан сыбайласы Виктор Суровяткин кісі өлімінен соң бірден қолға түсіп, темір торға жабылған. Тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы осы екі жұмысшысына үстел жайып, алкоголь ішімдік ұсынғаны анықталды. Оның қалтасындағы қомақты қаржысын байқап қалған екеу кәсіпкердің көзін жоюды ойластырады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=evrknq1tCTc[/youtube]

Қылмыскерлер қожайынның қалтасындағы 2 млн теңгесін қағып алып, су жаңа көлігін ала қашқан. Бірақ жолда жанармай таусылғасын, оны сол орында қалдыруға тура келген. Ертесіне Суховяткин бірден ісін мойындап, полицияға өз еркімен берілсе, Шерниязов оқиға орнынан ізін суытқан.

Күдіктілерге тағайындалған жаза – 19 жыл. Бірақ әлі заңды күшіне енген жоқ.