Биыл салық жинау 106 пайызға орындалған

302
Салықшылар

Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тоғыз айдағы жұмыстарын қорытындылады. Сала мамандарының сөзінше, биылғы салықтың түсімі 106 пайызға артығымен орындалған.

Салықшылар

Десе де жиын барысында департамент басшысы Шымкент қаласына қарасты Абай және Еңбекші аудандандарындағы салық түсімін сынға алып, басшыларына ескерту жасады.

Сондай-ақ, кеңейтілген отырыста кеден қызметінің жұмысына да талдау жасалды. Жиында қаржылық құйтырқылық жасап, салық пен тиісті төлемдерден жалтарғандардың жайы да сөз болды.

Департаменттің экономикалық тергеу қызметі жыл басынан бері осындай 417 қылмысты анықтап, бюджетке 2,3 млрд теңге пайда түсірген. Бұдан бөлек жалған құжат жасап, пайда тауып келген 5 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталыпты.

45-ке жуық мекеменің жалған мөрлері мен есептік, құрылтай құжаттары тәркіленді. Қазір бұл деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, заңбұзушылықтарды жою жөнінде 31 ұсыныс жолданған.