Отырарда жыл басынан бері 600 тоннадан астам шұбат ашытылды

848

Отырар ауданында түйе сүтін өндіретін екі кәсіпорын жұмыс істейді. Бірі – тәулігіне 2500 литрге дейін ағарған шығаратын «Үсенов Н» шаруа қожалығы. Кәсіпкер Түркменстаннан 376 асыл тұқымды «Дромодер» түйесін әкеліп, Маяқұм ауылының жайылымына бейімдеген.

Аталған өндіріс орны үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылып, бүгінде айран, сүт және шұбат өнімдерін шығаруда. Күніне 5 тоннаға дейін шұбат ашытуға қауқарлы шаруа қожалығы 1 литрлік бөтелкеге құйылған «Маяқұм шұбатын» еліміздің өңірлеріне жөнелтуде.

Шұбат

Сондай-ақ, Маяқұм шұбаты Қазақстандағы ең үздік тауар атанған. Алғашқы жылдары цехта тәулігіне 400 тоннаға дейін шұбат өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 1350 тоннаға жетіп отыр. Кәсіп иесі алдағы уақытта қытайлық кәсіпкерлермен бірлесе отырып, түйе сүтін ұнтақ күйінде экспортқа шығаруды көздеп отыр.

Отырар ауданы

Сонымен қатар, Отырар ауданы Шілік ауылында «Гүлмайра» шаруа қожалығы «Отырар шұбаты» сауда белгісімен шұбат өндіруде. Қазіргі таңда қожалық жұмысшылары тәулігіне 750 литр қымыран өндірсе, айына 22 тоннадан астам ағарған шығарады.

Бүгінде түйе сүті Қазақстанның бірнеше қалаларына таратылып, экспортталуда. Бұл шипалы шұбат өндiрiсiне шетелдік тауар өндiрушiлер де қызығып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі