«Су ресурстары» мекемесімен «WhatsApp» арқылы байланысуға болады

379
"Су ресурстары-Маркетинг" мекемесі шағын электр стансасын салмақ

Енді тұрғындар ауызсу мәселесі бойынша «Ватсап» желісі арқылы шағымдана алады. «Су ресурстары – Маркетинг» серіктестігінің мамандары тұтынушылармен жұмыс жүргізудің жаңа жүйесін қолданысқа енгізді.

"Су ресурстары-Маркетинг" мекемесі шағын электр стансасын салмақ

Кез келген тұтынушы су құбырларында, есептеуіш құралдарында, кәріз жүйелерінде орын алған олқылықтарды суретке немесе таспаға түсіріп, «Ватсап» арқылы жібере алады. Хабарламалар диспетчер торабына түскен бойда тиісті мамандарға жолданады.

Бұл жүйе қызмет көрсету сапасын жаңа сатыға көтеріп, орын алған кем кетіктерді дер кезінде қалпына келтіруге сеп болмақ. Ендеше, қандай да бір кедергіге тап болсаңыз, 8 708 110 21 21 нөмерін теріп, шағымыңызды жолдасаңыз жеткілікті.