Жас инспекторлар балалар ауруханасына барды

356
Ауруханада

2015 жылдың алғашқы 10 айында 43 бала көлік апатынан көз жұмған. 491 бала жарақат алып, ауруханаға түскен. Осыны ескерген жол сақшылары мен жас инспекторлар апаттан жапа шегіп, ауруханада жатқан сәбилерге бір күнін арнады. «Қамқорлық» акциясы аясында көңілдерін көтерді.

Оқушылар ауруханаға келді

Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 465 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Облыстық балалар ауруханасында көлікке мініп, жазатайым жағдайға ұшыраған 7 жеткіншек жатыр. Олардың басым бөлігінің аяқ-қолы сынған.

Ералы Тұрабеков

Ералы Тұрабеков, дәрігер-травматолог: «Негізінен бір емес, бірнеше жерінен жарақат алып түседі. Бұған бас миының жарылуы, миы шайқалу, дене мүшелерінің сынуы сынды жарақаттар жатады. Бұдан бөлек ішкі құрылыстары да зақымданады.»

Жыл сайын арнайы бір күнін бөліп келетін тәртіп сақшылары жас достарын өздерімен бірге ерте келеді. Ересектер балалардың көңілін аулау үшін акция ұйымдастырып, естелік сыйлықтарын береді. Осылайша оның сауығып кетуіне үлес қосуды әдетке айналдырған.

Аманбай Әлібек

Аманбай Әлібек, 8 сынып оқушысы: «Біз балаларға шоколад, ойыншық әкелдік. Олар қатты қуанды. Біз енді олар жазатайым жағдайға түспейді деп сенеміз.»

Ауруханада

Әкімшілік полиция басқармасы мамандарының айтуынша, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік апатының саны өткен жылмен салыстырғанда біршама азайған. Ал мұндай шаралар жеткіншектердің жол қозғалыс ережелерін сақтауына септігін тигізеді.