Қарабастауға жаңа трансформатор орнатылады

360
Электр қуаты

Қарабастау елдімекеніндегі 170 отбасының сапалы жарыққа қол жеткізетін күні жақын. Ауылдағы ағайын жарықтың жырын айтып, редакциямызға хабарласқан болатын. Бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған көпшіліктің күрмеуі көп мәселесі тілшілердің араласуымен шешімін тапты.

Электр қуаты

Электр қуатының сапасыздығы – Қарабастау шағынауданы тұрғындарының басты мәселесі. Халық оны шешіп беруді сұранып, талай рет жауаптылардың есігін тоздырған. Бірақ, нәтиже шықпапты. Өзгелер сияқты техникалық құрылғыларды қолданбай, көштен кейін қалған.

Шағынаудан тұрғындары электр трансфарматорын өздері орнатыпты. 60 отбасына шақталған трансформатор тұтынушы саны өскен сайын электр қуатымен қамтуға қауқары жетпейді. Тоқтың қуаты 110 кв-ға кеміген. Көпшіліктің сұранысына енді құлақ түрген атқамінерлер елдімекенге қосымша үш трансфарматор орнату қажет дейді.

Бұл мәселе қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың алдында да көтерілген. Жарыққа қарық қылуға уәде берген шаһар басшысының тапсырмасымен жаңа трансформатор орнату көзделіпті. Қазір жобалық-сметалық құжаты дайындалуда. Ал әзірге «Оңтүстік жарық транзит» мекемесінің мамандары қосымша желі тартып, электр қуаттылығын 110-нан 160 кв-ға дейін көтермек.

[youtube]https://youtu.be/PPeywpTYi9k[/youtube]

Нұрлан Жаңабай