«Шымкент жастары» мекемесінің ұйымдастыруымен «Опера және балет театрында» қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жастарды «Үздік» жастар премиясымен марапаттау рәсімі өтті. Айта кетейік, аталмыш марапаттау рәсімі биыл бесінші рет аталып өтті.
«Үздік» аталымы бойынша барлығы 24 лауреаттың есімі анықталды. Марапат иелеріне Шымкент қаласы әкімінің дипломы мен бағалы сыйлықтарын қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мен қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров табыс етті.
Үздік жас қоғам қайраткері – Александр Водолацкий
Үздік жастар ісі комитетінің төрағасы – Мағжан Исахов
Үздік студенттік ректор – Шолпан Ермаханова
Үздік көшбасшы – Азамат Рахимов
Үздік оқушы – Мерей Есқара
Үздік студент – Азамат Камаледин
Үздік ғалым – Нұрдәулет Рахметов
Үздік педагог – Мариям Каленова
Үздік жетекші – Мақпал Оспанова
Үздік ақын – Дәурен Ақсақалов
Үздік орындаушы – Хадиша Фахридинова
Үздік дизайнер – Эльдар Ахметов
Үздік КТК командасы – «Байдың балалары»
Үздік спортшы – Құралбек Оразбеков
Үздік талант – Жасұлан Ілиясов
Үздік тілші – Дана Тұрғынова
БАҚ-тың үздік тақырыбының иесі – Аида Ташенова
Үздік тележүргізуші – Абай Омар
Үздік баспасөз тілшісі – Әйгерім Бегімбет
Үздік репортер – Нұргүл Жолымбетова
Үздік құқық қорғаушы – Лаура Жақыпова
Үздік қайраткер – Балжан Жұмабаева
Үздік кәсіпкер – Руслан Абайұлы
Үздік мемлекеттік қызметші – Жандос Асқаров