Шымкентте тағы 4 көп қабатты үй салынады

763
Шымкентте «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп жұртты сазға отырғызып кеткен алаяқтардың бары мәлім болды

2016 жылы Шымкентте тағы 4 көп қабатты үй бой көтереді. Баспаналар «Тұрғын үй, құрылыс жинақ банкі» мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның инвестициялық жобасы негізінде салынады.

Шымкентте «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп жұртты сазға отырғызып кеткен алаяқтардың бары мәлім болды

Бұл туралы тілшілерге қос мекеменің басшылары айтып берді. Пәтерлер «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша кезекке тұрған азаматтарға үлестіріледі. «Үй құрылыс комбинаты» әдісімен салынатын үйлер сапалы әрі тез салынады дейді тапсырыс берушілер.

Арнайы жобамен бой көтеретін баспаналар 2016-2017 жылдары пайдалануға беріледі. Үйдердің әр шаршы метрі 150 мың теңгеге бағаланып отыр. Сарапшылар бұл мемлекеттік бағдарламадағыдан қымбат болғанмен, нарықтағыдан әлдеқайда арзан деп  сендіреді.