Жарылғыш зат

Шымкенттің полицейлері жалған жарылғыш зат қойып кеткен бұзақыны іздеуде. Оқиға түнгі сағат 12-ден асқанда, Тәшенов көшесінің бойындағы қонақ үй кешендерінің бірінде болды.

Қақпаның алдындағы бекетте отырған күзетші белгісіз біреудің кірер есікке жақындағанын көреді. Әлгі адам қолындағы қорабын қақпаның алдына қойып, өзі алыстай берген.

Жарылғыш зат

Қонақ үйді күзетумен айналысатын жеке күзет агенттінің қызметкері бекеттен шығып, қорапты жерден көтерген. Оның ішін ашып қарамақ болғанда жаңағы адам келіп, 20 жастағы күзетшіге пышақ ұрған. Ары қарай жүгіріп қашып кетіпті.

Жарылғыш зат
Кинологтар

Күзетші дереу өзінің әріптестеріне хабар берген. Оқиға орнына екі шұғыл топ аттанады. Бірі күдіктіні іздей бастаса, енді бірі полиция мен жедел жәрдем дәрігерлеріне хабарласады.

Жарылғыш зат

Төтенше жағдай болған жерге полиция қызметкерлері, «Арлан» арнайы жасағы мен антитеррорлық штабтың мамандары, саперлар, өрт сөндірушілер мне дәрігерлер бригадасы келді. Жедел жәрдем тобының қызметкерлері зардап шеккен жігітке алғашқы көмек көрсетті. Құдай сақтағанда оның жарасы аса ауыр болып шықпады.

Жарылғыш зат

Жарылғыш зат

Полицейлер дереу сол маңды қоршауға алып, қонақ үй кешенінің адамдарын қауіпсіз жерге шығара бастады. Осы уақытта саперлар белгісіз қорапты асқан сақтықпен ашып, қарайды. Ішінде ойыншық граната мен телефон және қол сағаты бар екен. Белгісіз адам үшеуін бір-біріне жабыстырып, қара таспамен орап тастаған. Бұған қоса сыммен де жалғап, кәдімгі жарылғыш затқа ұқсатқысы келіпті.

Жарылғыш зат

Криминалистер табылған заттардан саусақ іздерін алды. Ал ішкі істер департаментіне қарасты жедел басқару орталығының мамандары көшедегі бейнебақылау камераларындағы жазбаны қарап, қашып кеткен күдіктіні іздей бастады. Күзетшінің  айтуынша, бұзақы қара киінген. Азиялық нәсілді болуы мүмкін. Полицейлер оның ақ түсті Ауди көлігіне мініп, белгісіз жаққа кетіп қалған сәтін камерадағы жазбадан байқады.

Криминалистер

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факті Әл Фараби полиция бөлімінің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, қылмысты кодекстің 293-бабы бойынша (Бұзақылық) іс қозғалды. Күдіктіге іздеу жарияланған.