Жас қызды қағып, өлтірген жүргізуші сотталды

228
Айыпталушы

Шымкентте 9 жасар қызды қағып, мерт қылған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Еңбекші аудандық соты 24 жастағы күдіктіні үш жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ айыпталушы жеткіншектің ата-анасына 1,5 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.

АйыпталушыЕске сала кетейік, қайғылы оқиға 2015 жылдың тамыз айында орын алған болатын. Жолдан өтіп бара жатқан қызды жеңіл көлік қатты жылдамдықпен соғып, ұшырып жібереді. Соның салдарынан Милана есімді бүлдіршін қыз ауруханаға жеткізілгенімен, сонда шетінеп кетті.

Ал көлік жүргізушілері мен оның жолаушылары жәбірленушіге көмек көрсетудің орнына бой тасалаған. Кейінен жүргізуші ұсталып, оның үстінен көлік құралының мемлекеттік нөмірін жою және қолдан жасау, жол ережесін бұзу, жарақат алушыны жолда қалдыру баптарымен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған.