2015 жылы Оңтүстікте 275 жоба жүзеге асты

206
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы

Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы 275 жоба мақұлданып, жүзеге асқан. Олардың жалпы құны 203 млрд теңгені құрайды. 163 жобада банк несиесі пайыздық мөлшерлемесі субсидияланса, 52 жоба банк несиесі бойынша ішінара кепілдіктер беру, 38 жоба өндірістік инфрақұрылымды дамыту, ал 22 жоба грант арқылы қаржыландырылған.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасыҚолдау көрсетілген жобалар ішінде «Дау-мед клиникасы» ЖШС-нің медициналық орталығының құрылысын аяқтау және жабдықтар сатып алу жобасы қаржыландырылды. «Қазагроном» ЖШС жылыжай кешені, «Бәйтерек-4» ЖШС-нің көкөніс және жемістерді қайта өңдеу мен консервілеу өндірістік базасы, сонымен қатар, «Арсен-ас» ЖШС-нің ауыл шаруашығы өнімдерін қайта өңдеу цехы қажетті инфрақұрылыммын қамтамасыз етілді.

Ал жоғары сапалы, жылтыр МДФ плитасын шығаратын «Mega SMART» ЖШС мен мектеп формасын тігумен айналысатын «ШАБИТЕКС» ЖШС-не банктердегі несиелері бойынша ішінара кепілдік берілді. Сонымен қатар, облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Абай автобус паркі» ЖШС-не – 7, «Шардара автобус паркі» ЖШС-не – 2 және «Төле би автобус паркі» ЖШС-не 17 жолаушылар көлігін сатып алу жобаларына мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп, бұл өз кезегінде, жолаушылар тасымалдау қызметін жаңа деңгейге көтеруге және жолаушылар көлігі автопаркін жаңартуға үлесін қосты.

Айта өтейік, шағын және орта кәсіпті қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы түзіліп, жүзеге асып келе жатқан бес жылда ОҚО-да жалпы сомасы 482 млрд теңгені құрайтын 997 жоба мақұлданып, жүзеге асқан.