Оңтүстікте «Қазақ халқына мың алғыс!» монументі қойылады

553
«Қазақстан халқына мың алғыс!» монументі
«Қазақстан халқына мың алғыс!» монументі

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан халқына мың алғыс!» монументі орнатылады. Шымкент қаласындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде облыстық ассамблея хатшылығының ұйымдастыруымен өңіріміздегі 20 этно-мәдени бірлестік төрағаларының қатысқан жиын өтті.

«Қазақстан халқына мың алғыс!» монументі
«Қазақстан халқына мың алғыс!» монументі

Жиын барысында хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов ассамблея жылындағы атқарылған іс-шараларды қорытындылай келе 2016 жылға бекітілген жұмыс жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар биыл атқарылатын іс-шаралардың барлығы тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында, бекітілген желілік кестеге сәйкес өткізу жоспарланғаны айтылды.

Жиынға қатысушылар ассамблеяға қатысты іс-шаралармен кеңінен таныса отырып облыс халқын ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуге белсене атсалысуға шақырды.

Ал ең бастыс жаңалық этно-мәдени бірлестік төрағаларының атынан сөз алған түрік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов Елбасы жарлығымен бекітілген 1 наурыз – алғыс айту күніне орай Оңтүстік өңірін мекендеген 100-ден аса этнос өкілдері атынан «Қазақстан халқына мың алғыс!» монументін орнатылатынын қуана хабарлады.

Обыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл монумент «Қоғамдық келісім» мекемесіне берілген бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры маңына орнатылмақ.