Олимпиадаға дайындықты ескекшілер де бастады

213
"Біз бар жерде - жеңіс бар!"

Оңтүстіктің 7 ескекшісі Белоруссияда өтіп жатқан биылғы маусымдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынында тәжірибесін арттыруда. Бұл туралы ОҚО ескек есу федерациясының президенті, Қазақстан ұлттық құраманың басшысы Денис Жарменов хабарлады.

Бұл спортшылар – Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғандар. Байрақты сынаққа дайындық қаңтар айының 9-31-і аралығында Мозырь қаласында өтеді. Белорусияға Евгений Алексеев, Александр Емельянов, Дәулет Сұлтанбеков, Наталья Сергеева, Ирина Подойникова және Тимур Хайдаров жол тартты.

Ал елімізде параканоэдан олимпиадаға жолдама жеңіп алған жалғыз спортшы Жалғас Тайкенов та биылдан бастап Оңтүстіктің намысын қорғайтын болды. Оның олимпиадаға дайындығы ақпан айының 13-28-і аралығында Абхазияда өтеді. Пицунда қаласында жерлесіміз Ресей құрамасымен бірге жаттықпақ. Өйткені, ресейліктер параканоэ спорт түрінен әлемде алғашқы орында келеді.

"Біз бар жерде - жеңіс бар!"
«Біз бар жерде – жеңіс бар!»

Ал сәуір айынан бастап облысымыздың ескекшілері ресми жарыстарға қатысатын болады. Алғашқы чемпионат Алматы қаласында өтпек. Содан кейін жерлестеріміз әлем кубогі үшін таласта дайындығын байқап, Бразилияда жүлделі болуға талпынады.