«Ордабасы» Иран клубына есе жіберді

430
"Ордабасы" футбол клубы

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Қазақстан футбол чемпионатына дайындалып жатқан Шымкенттің «Ордабасы» командасы Белек қаласында Иранның «Сиах Джамеган» клубымен кездесті. Бұл жолдастық ойын 0:2 есебімен шетелдік клубтың пайдасына шешілді, деп жазады Оңтүстіктің белгілі спорт журналисті Иляс Жолдас.

"Ордабасы" футбол клубы
«Ордабасы» футбол клубы

Ирандықтар сапынан Ахмед 55-минутта 11 метрлік айып добынан есепті ашса, тағы бір футболшы Расул 68-минутта есепті еселеді. Шымкенттік команданың бас бапкері бұл кездесуде Сенегалдан шақырылған орталық қорғаушы Санья Сидиді алаңға шығарды. Дегенмен, матч барысында африкалық футболшы өзін толық қырынан көрсете алмады.

«Ордабасы»: 1-таймдағы құрама: Бойченко, Суюмбаев, Ерланов, Абдулин, Симчевич, Төлебек, Бейсенов, Санья, Қайқыбасов, Аширбеков, Касалица.

2-тайм: Отарбаев, Ирисметов, Трайкович, Мұхтаров, Қожабаев, Нұрғалиев, Адырбеков, Гейнрих, Махамбетов, Радивоевич, Тажимбетов.

Осы кездесуден кейін команда басшылығы сенегалдық Саньямен қош айтысты. Қазір құрама сапында легионерлерден бөлек бірқатар жас футболшылар сынақтан өтуде. Атап айтқанда шабуылшы Диего Биекенов («Байтерек», 20.10.1990 ж.т.), қорғаушылар – Руслан Кенетаев («Оқжетпес», 21.03.1988), Эльдар Тұрғанбаев, Владимир Покатилов («Ақжайық», 08.12.1992),  Темірлан Ерланов («Восток», 09.07.1993), Абылайхан Махамбетов («Мақтаарал», 03.08.1991) және қақпашы Стас Покатилов («Ақтөбе», 08.12.1992).

Әзірге жергілікті жас футболшылардың қайсысы құрамада қалатыны белгілі болған жоқ. Қақпашылар қосында бұған дейін бірінші лига командаларында өнер көрсеткен Шымкент футбол мектебінің түлегі Ярославь Бондаренко да бақылаудан өтуде.

Алдағы уақытта дайындық барысында «Орадабасы» командасы тағы да бірнеше кездесулерді жоспарлап отыр. Айта кету керек, «Ордабасы» командасының дайындығымен танысып қайту үшін облыстық спорт басқармасының басшысы Антальяға аттанды.