Созақтың әкімі жылды қорытындылады

798
Созақ ауданы
Фото: //wikimedia.org

Созақта құрылыс қарқын алып, коммуналдық мәселелер шешімін тапты. 2015 жыл Созақ ауданы үшін жағымды жаңалықтармен есте қалды. Өткен жылды қорытқан аудан әкімі Мақсат Исаев осылай дейді.

Созақ ауданы
Фото: //wikimedia.org

Теріскейде биыл коммуналды саланың бірқатар мәселелері шешімін тауыпты. Мәселен, Түркістан-Кентау бағытынан Шымкент-Алматы бағытына салынып жатқан 4,3 шақырымдық айналма жолдың 3,6 шақырымы біткен.

Аудан орталығы Шолаққорғанда 4 көше жаңадан асфальтталып, 7 көше орташа жөндеуден өткен. Бұдан бөлек, аудандағы 57 гектар жерге инфрақұрылым жұмыстары жасалды.

Аудан басшысы газ тарту жұмыстарына баса мән беріп келеді. Жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ауданға тартылатын магистралді газ құбырының жобалау сметалық құжатына 78 млн теңге бөлінді. 2018 жылдан бастап Созақ халқы көгілдір отынмен қамтыла бастайды.