Жексенбілік жәрмеңкеге тұрғындар мол жиналды

375
Тұрғындар жәрмеңкеге таңсәріден бастап жиналды

Еліміздегі экономикалық қиындықтарды еңсеруге күнгейлік кәсіпкерлер мен дихандар да сеп болып жатыр. Олар өнімдерін өз бағасында ұсынуда. Сатып алушылардың сөзіне сенсек, жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы базармен салыстырғанда айтарлықтай арзан.

Тұрғындар жәрмеңкеге таңсәріден бастап жиналды
Тұрғындар жәрмеңкеге таңсәріден бастап жиналды

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарларын арзан бағада алуға асыққан ағайынның қарасы қалың, Қалалықтар, әсіресе, ет өнімдері мен көкөністің саудасын қыздырды. Мұнда қой еті – 750, ал ең өтімді жылқының еті 1100 теңгеден сатылды. Балықтың бағасы да баяғыдай – 300-500 теңге аралығында. Тұрғындар қымбатшылық жағадан қысқанда мұндай жәрмеңкенің өзі қалтаға әжептеуір көмек екенін жасырмайды.

Мәриям Нысанбекова, қала тұрғыны: «Үндіктің етін келісін 700 теңгеден, қойдың да етін 700-800 теңгеден алдым, жылқының етін 1000 теңгеге сатып алдым. Тамақ пісіретін пістемайларын 1200 теңгеге бағалапты, оны да алдым. Бас-аяғы 7000 теңгедей қаржы жұмсадым. Базармен салыстырғанда бағалар анағұрлым арзан».

Жексенбілік жәрмеңкеге тек өзіміздің, оның ішінде Төле би, Сайрам, Мақтаарал аудандарының өнімдері ұсынылды. Жергілікті дихандар сәбіз бен картоптың келісін 60 теңгеге, алмаларды 100-250 теңге аралығында сатты. Қырыққабаттың бір келісі 25 -35 теңге. Базаркүл Жуашбаеваның айтуынша, әр жексенбі күні тонналап әкелген өнімінің түгі қалмай өтіп кетеді.

Барно Юлдашева

«Көкөністер мен жемістер әкелемін. Өзімнің жекеменшік егін алқаптарым бар, ондағы бар өнімді жинап-теріп жәрмеңкеге әкелемін. Артылмай сатылып кетеді, халық көп. Базарға апарып сатқанша, осында әкелгенімнен пайда көп. Себебі базар және өзге де сауда орындарына салық төлейтін едік, ал мұнда ол қаржы қалтамызда қалады».

Жәрмеңкенің барысын, бағасын жауаптылар бастан-аяқ қадағалап тұрады. Кезекті шараны қолға алған Қаратау әкімдігі мамандарының айтуынша, жәрмеңкеге қатысушы кәсіпкерлер мен шалғайдан ауыл шаруашылығы өнімдерін арқалай келетін дихандарға қойылатын талап бар.

12575714_782291378543505_821299067_n

12576164_782291445210165_1816928075_n

Гүлсина Бердібекова, Қаратау аудандық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы: «Жәрмеңкеге 150 дихан мен кәсіпкер өнімдерін әкелді, олардың өнімдерінің сапасын анықтайтын және де егіс алқаптарын растайтын құжаттарын талап етеміз. Сонда ғана алыпсатар емес, өнімнің иелері жәрмеңкеге қатыса алады.»

Айта өтейік, жексенбілік жәрмеңке есігі таңертеңнен түске дейін ашық. Бұл жолы мұнда 30 тоннадан астам өнім сатылып үлгерді. Бұл жәрмеңкенің шаһар жұртшылығының қалтасына қолайлы келгенін көрсетсе керек.