Баланың жоғалуына қатысты деп танылған күдіктінің бірі полицияға келді

145
Күдікті әйел

Оңтүстікте бірінші сынып оқушысының жоғалуына қатысты деп танылған екі күдіктінің бірі полицияға келді. Бұл азаматша өзі жайлы ақпаратты көрген соң, тәртіп сақшыларына келіп, бала ұрлауға қатысы жоқ екенін дәлелдеуге келген.

Күдікті әйелБұл туралы ОҚО ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы бастығының міндетін атқарушы Сыпабек Жарқынбеков хабарлайды.

– 50 жастағы азаматша осы уақытқа дейін Алматыда болғанын айтады, – дейді Спабек Жарқынбеков. – Өзін теледидардан көрген соң, полицияға келген. Бұл қылмысқа ешқандай қатысы жоғын айтып отыр.

Еске салайық, бұған дейін облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері 6 жасар Мұхаммедтің жоғалуын тексеру барысында осы іске қатысты екінші күдіктінің барын айтқан еді. Ал бірінші күдіктің фотороботы жасалып, іздеу жалғасуда.