Қазақстанда тағатты классикалық діни сананы қалыптастыру қажет. Бұған Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Ыбырай Алтынсаринның туындыларындағы ұлттық төл болмысымызды насихаттайтын шығармалар негіз болады.
Бұл туралы облыстық орталық мешітте өткен семинар-тренингте республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері мәлімдеді. Имамдардың біліктілігін көтеруге бағытталған шараға ауыл мешіттерінің молдалары шақырылыпты. Осы дін өкілдері кері ағымдардың жетегінде кеткен жерлестерімізге сауатты түрде уағыз айтып, оларды оңалтуға басымдық беретін болады.
Ал бұл тұрғыда ең алғашқы кезекте имамдардың өздері классикалық діни сананы толығымен түсініп алуы тиіс. Дін өкілдері арасында ұйымдастырылған ауқымды дәріс те осыны көздейді.