«Отырар» телеарнасы «Ватцап» қызметін ұсынады

302

Енді телеарна көремендері өздерінің жаңалықтары мен көкейтесті сауалдарын «Ватцап» желісі арқылы жолдай алады. Сіз жіберген сауалды кезекші редактор қабылдайды. Шешімін kz.otyrar.kz және otyrar.kz  сайтынан көре аласыз.

ВатцапЕкі сайт үздіксіз жұмыс істейді. Күнделікті өңірде болып жатқан жаңалықтарды жылдам жариялап отырады. Портал өз жұмысын 2009 жылы бастаған болатын. Содан бері ел сенімін ақтап келеді.

Енді сайттың ауқымы кеңе түсті. Кез келген түрғын өзін толғандырған мәселе бойынша +77479968219 нөміріне хабарласып, шағымын жолдай алады.

«Ватсапқа» келген әр сауал жауапсыз қалмайды. Бір күннің ішінде сайттағы әлеуметтік желіге 300-ге жуық хабарлама түседі.

+77479968219 нөміріне оқиға орнынан суреттер, видео, дауыстық хабарлама жолдай аласыз. Жаңа қызметтің қосылуын көпшілік қолдап отыр.