Шымкентте әйел кісіні көлік қағып кетті

247
Жаяу жүргіншіні көлік қақты

Шымкентте жаяу жүргінші зардап шеккен кезекті жол-көлік оқиғасы Темірлан тасжолында тіркелді. Ақпанның 26-нан 27-не қараған түні осындағы әуежайға жетпей көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жаяу жүргіншіні көлік қақты

Зардап шеккен әйелдің жасы шамамен 50-де. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері келді.

Жаяу жүргіншіні көлік қақты

Жүргізушінің айтуынша, ол бағдаршамның жасыл түсіне келе жатқан көрінеді. Сол кезде жолдың шетінен шыққан әйелді қағып кетіпті. Айта кету керек, жаяу жүргінші жолаушыларға арналған жолақтан өткен.

Келеңсіз жағдайдың кесірінен жаяу жүргінші бас-ми жарақатын алды. Оны тез арада жедел жәрдем бригадасы ауруханаға алып кетті.