Астаналық мамандар «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын таныстырды

232
Зағип жандар

«Мәңгілік ел» пойызымен Шымкентке келген денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар министрлігінің өкілі Лунара Нуридинова облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдады. Олардың талап-тілектерін тыңдады. Елімізде жаңа жылдың басында қабылданєан «Саламатты Қазаќстан» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстырды.

Зағип жандар

Астанадан арнайы мамандар келетін естіген Нұрғали Жолымбеков үйде отыра алмапты. ІІ мүгедегі сауықтыру орталығына берілетін тегін жолдама жайын жауаптылардан естіп, білгісі келген. Сондай-ақ, тегін берілетін дәрі-дәрмектің өзекті сауалдарын көтеруді жөн санапты.

Қабылдау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамту мәселесін де көтерді. Күнгейде бұл сауалдың толық дерлік шешімін таппай тұрғанын жасырмай айтып салды. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтар алатын түрлі құрылғылардың ауыстыру уақытын нақтылап алды.

Нұрғали Алтынбеков, зағип жандарға арналған облыстық кітапхананың басшысы: «Құрылғыларды бес жыл мерзімге депті. Қайта қарай керек, 3 немесе 4 жыл деп бекіту қажет.»

Жеке басының емес, барша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың аманатын арқалаған жандарды мұқият тыңдаған сала мамандары көтерілген мәселелер қараусыз қалмайтынын жеткізді. Әрі әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қадағалауға алатындарын айтты.

Шынар Оразова